31 мамыр 2021 | 17:24

Қарағандыда полицей 6 жастағы баланы өрттен құтқарып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған Видеодан алынған

Қарағандыда "Кедр" қоғамдық моншасы өртенді. Өрт шыққан кезде онда адамдар болған. Куәгерлердің айтуынша, түтінді көрген адамдар дүрбелең шығарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда "Кедр" қоғамдық моншасы өртенді. Өрт шыққан кезде онда адамдар болған. Куәгерлердің айтуынша, түтінді көрген адамдар дүрбелең шығарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өрт шыққаны туралы айғайды полиция лейтенанты Шерхан Төлеухан мен оның досы Жантөлеу Егінбай да естіген. Сол күні полицей демалыста болған және моншаға келген. Олар бірден жертөледегі құжаттары мен заттарын алуға жүрген. Сол жерде бұрышта тығылып отырған баланы көрген. Не істерін білмеген бала қорқып кеткен.

Шерхан Төлеухан уақыт жоғалтпастан сәбиді қолына алып, сыртқа жүгірген.

"Төбеден өртенген заттар құлай бастады. Досым Жантөлеу баланың үстін дымқыл сүлгімен жауып, көшеге алып шықтық. Өрт жалыны күшті болды", - деді Шерхан.

Шерхан Төлеухан өртсөндірушілер келгенге дейін баланы жанып жатқан ғимараттан аман-есен шығарып алған. Бұл сәт куәгерлер камерасына түсіп қалған.

Біраз дем алғаннан кейін ол баланың ата-анасын іздеген. Біраз уақыттан кейін баланың әкесі оларды көріп, ұлына тағы біраз уақыт қарай тұруды сұраған. Ол уақытта ер адам жұбайын іздеуге кеткен. Кейін баланың ата-анасы аман-есен келген.

Баланың ата-анасы полицейлер мен өртсөндірушілерге ұлын құтқарғаны үшін алғыс айтады. Қазір баланың жағдайы жақсы, оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.

"Қарағанды облысы ТЖ департаментінің басшылығы батыл әрекеті үшін полиция қызметкері мен оның досын марапаттауды жоспарлап отыр", - деді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети