Қарағандыда жол-көлік оқиғасынан бір полицей қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ішкі істер басқармасына сілтеме жасап.
Қарағандыда жол-көлік оқиғасынан бір полицей қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ішкі істер басқармасына сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатына полицейдің өзі себепші болған. 14 қазан күні кешкісін ол Wolkswagen көлігімен Бабушкин көшесімен келе жатқанда басқаруға ие бола алмай қалып, қозғалыстың қарама-қарсы жағына шығып кетеді. Сол кезде Opel көлігіне соғылады. "Полицей алған жарақатының салдарынан оқиға орнында қайтыс болды. Басқа зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады Қарағандыдағы жол-көлік оқиғасы орнында жұмыс істеген жол-патруль полицейлері.
Еске сала кетейік, Қарағандыда құқық қорғау органы қызметкерлерінің қатысы бар жол-көлік оқиғасы соңғы рет 7 қазан күні сағат 17.50-де ет комбинаты ауданында болған еді. Тергеудегі және сотталған адамдар мінген арнайы машина Audi жеңіл автокөлігіне соғылды. Құқық қорғау органының көлігі аударылып қалды. Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Жаңатай Сембековтің хабарлауынша, оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеді. Көлікте болған әскери бөлім сарбаздары арнайы машинаны тұрғызған. Бұл машинада қанша адамның болғаны жария етілмеді.