Қарағандыда полиция көлігі жол апатына ұшырады. Бір жасар бала қаза болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда полиция көлігі жол апатына ұшырады. Бір жасар бала қаза болды Иллюстрациялық фото

Қарағандыда жантүршігерлік жол апаты болды. Апат салдарынан бір жасар бала қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда жантүршігерлік жол апаты болды. Апат салдарынан бір жасар бала қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдын ала мәлімет бойынша, сағат 21.45 шамасында Mercedes көлігін тізгіндеген 37 жастағы полицей жұмыс ауысымынан кейін үйіне қайтып келе жатқан. Республика даңғылымен келе жатқан полиция қызметкері Республика-Дюсембеков көшелері қиылысында бағдаршамның сары түсіне шығып кетіп, 29 жастағы жүргізуші басқарған ВАЗ-2114 автокөлігімен соқтығысқан.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-2114 автокөлігіндегі бір жасар жолаушы алған жарақатынан қаза болды. Көлік жүргізушісі мен түрлі жарақат алған 27 жастағы жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. Бұл факт бойынша 345-баптың 3-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. 37 жастағы жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Қарағанды ​​облысының ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Караганда | Новости | Дороги (@dorogi_karagandy)

Қарағанды ​​облысының полиция департаменті марқұмның отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети