28 шілде 2022 | 13:50

Қарағандыда роупджампингтегі әйел өлімі: нұсқаушы сотта соңғы сөзін айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Видео кадры

Қарағанды ​​қаласының Қазыбек би аудандық сотында роупджампинг нұсқаушы соңғы сөзін айтты. Ол өз кінәсін мойындамай, марқұм Евгения Леонтьеваның отбасына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды ​​қаласының Қазыбек би аудандық сотында роупджампинг нұсқаушы соңғы сөзін айтты. Ол өз кінәсін мойындамай, марқұм Евгения Леонтьеваның отбасына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен Евгения Леонтьеваға жақтауға тұр деп айтқан жоқпын. Секіруге де пәрмен берген жоқпын. Желіде тараған видеода да ондай жоқ. Менің ойымша, марқұмның жанұясы маған қатысты біржақты пікірде. Оларды түсінуге болады. Олар жақын адамынан айырылды. Оларға шын жүректен көңіл айтамын. Бірақ соттың әділдігіне үміттенемін", - деді сотталушы соттағы соңғы сөзінде.

Атышулы іс бойынша үкім 1 тамызда жарияланады.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 10 қазанда Қарағандыда роупджампингте 33 жастағы әйел қаза болды. Ол "Созвездие" қонақүйінің төбесінен секіріп, ауыр жарақат алды. Ол шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды, бірақ дәрігерлер құтқарып қала алмады. Әлеуметтік желілерде әйелдің секіргендегі видеосы кеңінен тараған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная