08 сәуір 2022 12:24

Қарағандыда роупджампингтегі әйел өлімі: қылмыстық іс сотқа жіберілді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Қарағандыда роупджампингте қайтыс болған 33 жастағы әйелдің өлімі бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сондай-ақ қылмыстық іс Қазыбек би аудандық сотына жіберілгені белгілі болды. Оны судья Манат Жұмақаева қарайды. Басты сот отырысы 14 сәуірге белгіленді.


Қарағандыда роупджампингте қайтыс болған 33 жастағы әйелдің өлімі бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сондай-ақ қылмыстық іс Қазыбек би аудандық сотына жіберілгені белгілі болды. Оны судья Манат Жұмақаева қарайды. Басты сот отырысы 14 сәуірге белгіленді.

Қылмыстық істің мән-жайын Қарағанды облысы ПД бастығы Ерлан Файзуллин Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен есептік кездесу барысында айтты. Ол роупджампинг бойынша нұсқаушыға қатысты қылмыстық іс Қазақстан ҚК-нің 306-бабының 3-бөлігі "абайсызда адам өліміне әкеп соққан, тұтынушылардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігінің талаптарына жауап бермейтін жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету" бойынша сотқа жіберілгенін атап өтті. Күдікті 11 қазаннан бастап қамауда отыр.

"Қылмыстық іс сотқа жолданды. Тергеу ұзақ уақытқа созылды, себебі бірқатар ұзақ сараптамалар жүргізілді. Оның ішінде Қостанай қаласында жүргізілген сот сараптамалық-технологиялық зерттеу бар. Сарапшы елдегі осы бағыттағы жалғыз маман. Сондай-ақ, тергеуді аяқтау үшін роупджампингті ұйымдастырған компанияның иесін анықтау және жауап алу үшін Ресей Федерациясына халықаралық тапсырма жіберілді. Тапсырманы орындағаннан кейін қылмыстық іс сотқа жіберілді", - деді Ерлан Файзуллин.

Еске салайық, 10 қазанда Қарағандыда роупджампинг кезінде 33 жастағы әйел қайтыс болған. Ол "Созвездие" қонақүйінің төбесінен секіріп, ауыр жарақат алды. Ол шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды, бірақ дәрігерлер құтқарып қала алмады. Әлеуметтік желілерде әйелдің секіргендегі видеосы кеңінен тараған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети