19 шілде 2014 12:22

Қарағандыда шенеунік әйел өзінің қоластындағы жұмысшыларды қамап ұстаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дерек көздерінен алынған сурет Дерек көздерінен алынған сурет

 Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданында Тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының жетекшісі Дана Қасқатаева өзінің қоластындағы жұмысшыларды жұмыс орнында қамап, түнге дейін жұмыс істеуге мәжбүрлеген, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Экспресс К" газетіне сілтеме жасай отырып. 

Мекеменің қызметкерлері бірігіп Қарағанды облыстық тәртіп жөніндегі комиссиясына арыз жазған. Олардың айтуынша, бастық қызметкерлеріне дауыс көтеріп сөйлесетінін және ең басытысы оларды уақытында үйіне қайтармайтынын айтқан. Қасқастаева өзінің қоластындағы жұмысшыларға жоғарыдан түскен тапсырмаларды жедел түрде орындауды талап етіп отырған. 

Тапсырманы жедел орындаған күннің өзінде ол жұмысшыларды сырттарынан кілтпен жауып, 22:00-ге дейін жұмыста отырғызып қояды екен. Кілтті басқару бөлімінің жетекшісі Мәкен Тілеубергеновке беріп кететін көрінеді. Ол Қасқатаеваның рұқсатымен ғана жұмысшыларды ғимараттан шығарады. 

Облыстық тәртіп комиссиясы жұмысшылардың арызы бойынша тексеріс жүргізді. Осы тексеріс нәтижесінде айтылған фактілердің бәрі расталды. Алайда Қасқатаева өзінің кінәсын мойындамай отыр. Жетекші әзірге жұмысынан қуылған жоқ, алайда осы тәртіптік іс Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне жіберілді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети