Қарағандыда терроризм туралы жалған ақпарат таратты деп айыпталып отырған физика пәнінің мұғалімі сотталып жатыр. Алайда, айыпталушы кінәсін мойындамай отыр. Жақындары мен туыстары оны қорғау мақсатында қол жинап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Олар сараптамада қате болғанына сенімді.
Қарағандыда терроризм туралы жалған ақпарат таратты деп айыпталып отырған физика пәнінің мұғалімі сотталып жатыр. Алайда, айыпталушы кінәсін мойындамай отыр. Жақындары мен туыстары оны қорғау мақсатында қол жинап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Олар сараптамада қате болғанына сенімді.
Айыпталушы Юрий Пак - физика пәнінің мұғалімі. Ол білім саласында шамамен сегіз жыл жұмыс істеді. Юрийдің әйелі мен кәмелетке толмаған екі баласы бар. Ал жұмыстағы әріптестері оның жауапкершілігі бар қызметкер екенін айтты. Олардың айтуынша, оның бомба туралы телефонмен жалған ақпарат таратуы мүмкін емес. Қазір ол сотқа тартылып жатыр. Оған терроризм туралы жалған ақпарат таратты деген айып тағылып отыр. Тергеу мәліметінше, 2015 жылдың 14 сәуірінде Юрий мектепте бола тұра, 102 номеріне хабарласып, орталық әмбебап дүкенде жарылғыш заттың бар екенін айтқан. Диспетчерлердің мәліметіне қарағанда, жалған ақпарат таратқан адамнан қоңырау сағат 11.52-де келіп түскен. Ал орталық әмбебап дүкенде ешқандай жарылғыш зат табылмаған.
"Ол күні таңда күйеуім үйде болған. Сағат 11.52-де ол мұғалімдерге парталарды тасуға көмектесті. Сөмкесі мен телефоны басқа кабинетте болған. Бірақ онда Bluetooth қосулы болды. Құпиясөз де қойылмаған. Мен күйеуімнің бұл істе ешқандай кінәсі жоқ екеніне сенімдімін. Біздің ойымызша, Юраның телефонын біреу Интернет арқылы бұзып кіріп, қолданған. Қазір олай жасау қиын емес, технология дамыған. Қоғамнан көмек сұраймыз. Менің күйеуімді ешбір кінәсіз соттауға жол бермеңіздер. Оны 6 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін", - деді айыпталушының әйелі Ольга Пак.
Сонымен қатар, Ольганың айтуынша, бастапқыда Юрий бұл іске куәгер ретінде тартылған. Кейінірек ол күдіктілердің қатарына ілінді. Полициядағылар түскен қоңыраудағы дауысқа үш рет сараптама жасаған. Бірінші сараптаманың нәтижесі мұғалімнің даусының қылмыскердің дауысына ұқсамайтынын көрсетті. Ал қалған екі сараптаманың қорытындысы қоңырау шалған адам мен Пактың даусы бірдей екенін көрсетіп отыр. Алайда, Юрйидің жақындары мен туыстары сараптамалардың дұрыс емес өткенінем сенімді.
Отбасылық мұрағаттан алынған сурет
"Неге бірінші сараптаманың қорытындысы қоңырау шалған адамның Юра емес екенін көрсетеді де, ал қалған екеуі Юраның дауысы екенін растайды? Біз қателік кетті деп ойламыз. Адвокаттарымыздың айтуынша, бірінші сарапшылар аудиожазбаның қысқартылмаған нұсқасын зерттеген. Қалған екі сарапшы аудиожазбаның қысқартылған нұсқасын тыңдаған. Яғни, қате кетіп қалуы әбден мүмкін", - деді Ольга Пак.
Бұл істе түсініксіз нәрсе көп. Айыпталушының айтуынша, ол 102 номеріне хабарласқан жоқ. Алайда, оның қоңыраулар тізімінде таңғы сағат 11.52-де 112 номеріне хабарласқаны көрінеді. Юрий мұны түсіндіре алмады. Әңгімелескен уақыт ұзақтығы да алаңдатады. Істің материалдарына қарағанда, ұялы оператор 112 номерімен алты секунд уақыт сөйлескен. Ал жедел басқару орталығына түскен қоңыраудың ұзақтығы 2 минут 41 секунд екен.
Қылмыстық істер жөніндегі Қазыбек би аудандық сотының судьясы Әлия Жошеваның айтуынша, осы іске қатысты төртінші сараптама өткізу туралы шешім қабылданған. "Иә, біз сараптама тағайындадық. Оның қорытындысы сот отырысында зерттеледі", - деді ол Tengrinews.kz тілшісіне.
Айта кетейік, Юрий әзірше бостандықта жүр және мектептегі жұмысын жалғастырып жатыр. Оның жақындары мен туыстары ақпарат құралдарына жүгініп, Желіде арнайы өтініш жазды. Ол парақшада мыңға жуық қол жиналды. Іс әлі қаралып жатыр.