05 қаңтар 2016 | 13:24

Қарағандыда циркке бара жатқан жасөспірімдерді пойыз басып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қарағандыда циркке бара жатқан жасөспірімдерді пойыз басып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Көліктегі ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда циркке бара жатқан жасөспірімдерді пойыз басып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Көліктегі ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 2 қаңтарда болды, кәмелет жасына толмаған екі бала рұқсат етілмеген жерде теміржол жолынан өтпек болған.

"Қарағанды-Сортировочная станциясы - Жаңа Қарағанды станциясында пойыз рұқсат етілмеген жерде теміржол жолынан өтіп бара жатқан 1998 және 2011 жылғы екі жасөспірімді қағып кеткен. 1998 жылғы қыз теміржол жарақатын алып, қаза тапты. Қаза болғанмен бірге болған бүлдіршінді жедел жәрдем бригадасы Қарағандының қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне рельс жарақаты, сол тізесінің ампутациясы, қабырғасының ашық сынуы, І-ІІ деңгейдегі зақымданудан есеңгіру диагнозымен жеткізді", - деп хабарлады ҚР ІІМ Көліктегі ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

Ата-анасының айтуынша, балаларын олар Қарағандыдағы циркке жіберген. Балалар ол жаққа электр пойызымен Майқұдық станциясына дейін баруы керек болыпты.

Бұл дерек "Теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік ережесін бұзу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу бірыңғай реестрінде тіркелді. "Қайғылы оқиғалардың негізгі себебі - теміржол жолынан рұқсат етілмеген жерден өту, зардап шеккендердің теміржол жолдарындағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамауы", - деді Көліктегі ІІД басшысының орынбасары Өтетілеуов. Ол оқиға орнына жақын маңында ескерту белгілері мен теміржолдан өту көпірінің бар екендігін айтты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.51   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети