03 наурыз 2020 | 11:08

Қарағандыда түнгі клубта болған адамшошырлық оқиғаға қатысты жаңа деректер шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© eKaraganda © eKaraganda

Қарағанды облысының полицейлері клубта болған адамшошырлық оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысының полицейлері клубта болған адамшошырлық оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқиға былтыр 5 қыркүйекте болған. Концерт кезінде 1994 және 1995 жылғы екі қызға дұрыс орнатылмаған прожектор құлап, ауыр жарақат алған. Сол түнгі оқиға туралы ақпаратты жәбірленушілердің бірі әлеуметтік желіге салған. Оның айтуынша, жәбірленушімен әлі күнге дейін ұйымдастырушылар байланыспаған, ал полиция қызметкерлері істің мән-жайын анықтамаған. 

"Прожектор мен еден арасында ешқандай қосымша тіреуіш болмаған. Келушілердің бірі байқаусыздан прожекторға тиіп кеткен, содан ол қыздарға құлаған. Олар орта және ауыр жарақаттар алды", - деді полицейлер.

Еске салайық, мұның алдында Қарағандыдағы түнгі клубтардың бірінде ресейлік "Слот" тобының концерті кезінде прожектор дұрыс орнатылмай, құлап, екі қыздың ауыр жарақат алғаны хабарланған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети