Қарағандыда тұрғын үй кешендерінің бірінде лифтіні қиратқан ер адам ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда тұрғын үй кешендерінің бірінде лифтіні қиратқан ер адам ұсталды Фото: instagram.com/eto_karaganda_detka

Қарағанды ​​тұрғыны тұрғын үй кешендерінің бірінде лифтіні қиратты. Ер адам ұсталып, оған қатысты әкімшілік материал толтырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды ​​тұрғыны тұрғын үй кешендерінің бірінде лифтіні қиратты. Ер адам ұсталып, оған қатысты әкімшілік материал толтырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде бұзақылық жасаған ер адамның видеосы тарап кетті. Кадрларға қарағанда, оқиға "Комфортный дом" тұрғын үй кешенінде болғаны байқалады. Болжам бойынша, ер адам лифтіге қамалып қалып, ашуланғаннан есікті тепкілей бастаған. Дәл осы кезде оның қасында болған әйел оны тоқтатуға әрекеттенген. Салдарынан лифт есіктері зақымданған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от #караганда#блог (@eto_karaganda_detka)

Видеоға полицейлер қызығушылық танытқан. Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметі құқықбұзушының жеке басы анықталғанын айтты.

"15 қарашада Қарағанды ​​қаласының Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне қаладағы тұрғын үй кешендерінің бірінде белгісіз біреу лифт есігін зақымдағаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция жасағы ұсақ бұзақылық дерегін тіркеді. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде анықталған бұзақы 29 жастағы қала тұрғыны болып шықты", - деді ведомство өкілі.

Құқық бұзушыға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік іс қозғалған.

Материал процессуалдық шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети