26 мамыр 2016 | 10:33

Қарағандылық 63 жастағы зейнеткердің жоғалуына байланысты жаңа деректер пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандылық 63 жастағы зейнеткер Татьяна Гуменюктің жоғалып кетуіне байланысты жаңа деректер пайда болды. Әлеуметтік желілерде зейнеткерді соңғы рет көрген белгісіз әйелдің суреттері жарияланды, - деп хабарлайды "Новый Вестник".


Иконка комментария блок соц сети

Қарағандылық 63 жастағы зейнеткер Татьяна Гуменюктің жоғалып кетуіне байланысты жаңа деректер пайда болды. Әлеуметтік желілерде зейнеткерді соңғы рет көрген белгісіз әйелдің суреттері жарияланды, - деп хабарлайды "Новый Вестник".


Куәгер делінген әйел. 

Мына әйелді көрген адамдар құқық қорғау органдарына немесе еріктілерге хабарласа алады.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде Гуменюктің жоғалып кетер алдында Қарағанды-Астана бағытындағы № 44 пойызға отырғаны туралы ақпарат тарады. Оқиға 6 мамыр күні 17.30 шамасында болған екен. "Қарағанды вокзалындағы камера оны түсіріп алған, дегенмен ол Астана вокзалында пойыздан шыққан жоқ. Әйелдің қатты асыққаны айтылды. Ол үй киімімен кеткен, өзімен бірге көне телефонын алып кетіпті. Ал Whatsapp қосымшасы орнатылған телефонын үйіне қалдырған. Оның асыққаны соншалық, пойызға билет алуға да үлгермей, жолсерікпен келлісіп мініп кеткен. Дегенмен жолсеріктер оны көрмегенін айтып отыр. Вокзалға ол белгісіз әйелмен сөйлескеннен кейін асыққан. Олардың нақты не туралы сөйлескені белгісіз", - деп хабарлады басылым.


Жоғалып кеткен Татьяна Гуменюк. © 09region.kz

Еске салайық, Татьяна Гуменюк үйінен 6 мамыр күні шығып кеткен еді. Содан кейін оны ешкім көрмеген. Жоғалып кетерден біраз бұрын ол бизнесі мен пәтерін сатқан екен. Таныстарының айтуынша, зейнеткер Ресейде тұратын қызына кетпекші болып жүрген.

Қаражатының бір бөлігін ол қызына жіберіп үлгеріпті, ал үйінде тек 5 мың доллар қалған. Жоғалып кеткеннен кейін оның үйінен мың доллар ғана табылды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети