25 қаңтар 2021 10:41

Қарағандылық әйел өрттен аман қалу үшін терезеден секірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Іnstagram.com/qaragandy_tjd Фото: Іnstagram.com/qaragandy_tjd

Қарағанды облысының тұрғыны өрттен аман қалу үшін үшінші қабаттың терезесінен секірді. Салдарынан жұлыны зақымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы ТЖД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 24 қаңтарда таңертең Абай ауданы Дубовка ауылындағы тұрғын үйде өрт шыққан. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері келген кезде пәтер мен баспалдақ алаңы жанып жатқан.

"Өрт сөндіруші-құтқарушылар 3-қабаттың терезесіне баспалдақ қойып, газға уланған ер адамды құтқарды. Үш пәтердің 75 шаршы метр ауданы, үйдегі заттар, жиһаз, еден өртенген. Құтқарушылар келгенге дейін бір әйел өрттен аман қалу үшін 3-қабаттан секіріп, жұлынын зақымдаған", - деді ТЖД-ның баспасөз қызметіндегілер.

Өртті жеке құрамның 16 қызметкері 4 техникамен сөндірді. Өрт оттың ашық қалуынан шыққан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!-

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети