Қарағандылық белсенді сенбілік кезінде алған соққыдан қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандылық белсенді сенбілік кезінде алған соққыдан қайтыс болды © tengrinews.kz коллажы

Қарағандыда белсенді Олег Гарницкий бір ай комада жатып қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда белсенді Олег Гарницкий бір ай комада жатып қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Олег Гарницкий қоғам белсендісі болған. Ол абаттандыруға жұмыстарына қол жеткізуге тырысып, әлеуметтік осал адамдарға көмектесіп, ауласы мен қаласы үшін біраз еңбек еткен. 

Ол 18 сәуірде өз ақшасына ағаштар алып, ауласында отырғызған. Сенбілікке балалар да қатысқан. Оның бірі - 13 жастағы бала сенбілік кезінде қолын әйнекке жарақаттап алған. Көршілерінің сөзінше, жасөспірім бөтелкені сындырып алған, ал Гарницкий оны жинап алуды сұраған.  

"Бала кішкене ғана жарақаттанып қалған. Ол әкесіне хабарласып, оған қоқыс жинауға мәжбүрлеп жатқанын айтқан. Әкесі келіп, бірден төбелесе бастады. Олар бұған дейін сөзге келіспей қалған кезі болмаған. Ешқандай өші жоқ", - дейді Татьяна есімді жергілікті тұрғын. 

Гарницкий алған соққыдан шалқасынан құлаған. Басымен асфальтқа құлап түскен. Көршілерінің сөзінше, айналасындағы балалар ешқандай шара қолданбаған. Сосын көршісі жүгіріп шығып, оны айналдырып жатқызып, жедел жәрдем мен полиция шақыруды сұраған. Сөйтіп Олег комаға түскен. 

16 мамырда Гарницкий 50 жасқа толар еді. Оның жақындары мен туыстары Олег аяғынан тұрып кетеді деп үміттенді. 

Гарницкийдің досы Павел Иванов күмәнданып отыр: оның сөзінше, баланың жарақатын ешкім көрмеген. Олегті немен ұрғанын да ешкім көрмеген. 

Бүгінде Олегтің өліміне күдікті ешқайда шықпай туралы қолхатпен босатылған. Бұл дерек бойынша 36 жастағы қала тұрғыны анықталып ұсталған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети