02 қазан 2015 | 10:15

Қарағандылық жігіт интернетте танысқан қызын интимге келісім бермегені үшін өлтірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

vk.com vk.com

Қарағандыда бір апта бұрын жоғалып кеткен қыз өлі күйінде табылды, күдікті ұсталды, - деп хабарлайды etemirtau.kz


Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда бір апта бұрын жоғалып кеткен қыз өлі күйінде табылды, күдікті ұсталды, - деп хабарлайды etemirtau.kz

Резеда Кәрімова қаладағы жанармай құю бекеттерінің бірінде оператор болып жұмыс істеген. 22 қыркүйекте ол жұмыс кезінде жоғалып кеткен. Қыздың достары суретін әлеуметтік желілерге таратып, хабарландыру жасаған.

Кейін полицейлер 26 жастағы қарағандылықты ұстады, ол қызды өлтіргенін мойындап, оның мәйітін жасырған жерін көрсетті.

Тергеушілер қыздың жоғалудың алдында жігітімен ұрысып қалып, әлеуметтік желі арқылы басқа біреумен танысқанын анықтады. Олар кездескісі келген. Ұсталған ер адамның айтуынша, ол қызды интимге келісім бермегені үшін өлтіріпті. Ашуға булыққан ол қызды қылғындырып, кейін көміп тастаған. "Кісі өлтіру" бабы бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети