Қарағандылықтар ағашқа ілініп тұрған адам мәйітін тауып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандылықтар ағашқа ілініп тұрған адам мәйітін тауып алды © Тұрар Қазанғапов

Қарағандылықтар ағашқа ілініп тұрған адам мәйітін тауып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандылықтар ағашқа ілініп тұрған адам мәйітін тауып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ер адамның денесі 11 шілдеде таңғы уақытта "Қарағанды-Сортировочная" станциясының маңынан табылған. Кейінірек мәйіттің 1 шілдеде із-түссіз жоғалып кеткен ер адамға тиесілі екені анықталды.

"Шамамен сағат 09.00-де Қарағанды қалалық ІІБ Октябрь аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне қала орталығында орналасқан өткелдің аумағында адам мәйітінің ағашқа ілініп тұрғаны жайлы хабарлама келіп түсті", - делінген облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдерінің Tengrinews.kz тілшісі жолдаған сауалға берген жауабында.

Сондай-ақ, полиция өкілдері бұл деректің сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелгенін айтты. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 515.16  course up  604.47  course up  6.52  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети