Қарағандының орталық базары маңынан сәбидің денесі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандының орталық базары маңынан сәбидің денесі табылды ©Ярослав Радловский

Қарағандының "Шығыс" орталық базары маңынан кішкентай баланың денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі куәгерлерге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандының "Шығыс" орталық базары маңынан кішкентай баланың денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі куәгерлерге сілтеме жасап.

Сәбидің денесін Қазыбек би ауданындағы жеке секторының тұрғындары тауып алып, полиция шақырды. "Сәби жол бойында үй қоршауларына жақын жерде жатты", - деді жергілікті тұрғындар. Олардың айтуынша, сәбидің денесін ит-мысық талап тастаған. Бала табылған жерге құқық қорғау органдарының қызметкерлері келіп, денені мәйітханаға алып кетті. Қарағанды облысы ІІД-нен болған жағдай туралы пікір алу әзірше мүмкін емес. 

Айта кетейік, осыған ұқсас жағдай Оралда болған еді. Баланың денесі Жайық өзенінің бойында табылды. 4 жасар баланың денесін құтқарушылар жоғалып кеткен балықшыны іздеуге шыққан кезде тауып алған. Кейін баланың 16 қазанда атасымен және әжесімен бірге Атырау облысының Құлсары қаласынан Оралға келгені анықталды. Сол күні 57 жастағы ер адам мен 4 жасар немересі серуендеуге кетіп, қайтып келмей қалған. Егде жастағы ер адамның денесі сол маңнан табылды. "Бұл, сөзсіз, күштеп өлтіру емес, жазатайым болған оқиға", - деді полиция өкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети