Наурызбай ауданындағы Қарғалы өзені бөгетінің суреттері мен видеолары пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кадрларда су бөгетінің бұзылмағаны көрінеді, бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары бөгеттің жарылғаны жайлы мәлімет таратқан болатын.
Наурызбай ауданындағы Қарғалы өзені бөгетінің суреттері мен видеолары пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кадрларда су бөгетінің бұзылмағаны көрінеді, бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары бөгеттің жарылғаны жайлы мәлімет таратқан болатын.
Facebook қолданушысы Маргарита Плотникова су бөгетінің суретін жариялады. Оның айтуынша, сурет сағат 06.00-де түсірілді.
"Барып тексердік: Чапаев өзенінің бөгеті бұзылмаған. Қазір уақыт таңғы 06.11: Су деңгейі көтерілді, бұл туралы бөгет қабырғасындағы белгілерден білуге болады, қазір су қайтты. Жоғарғы Каменка ауданында тұратын кейбір таныстырдың мәліметіне қарағанда, Яссауи-Жандосов аймағында эвакуация болып жатыр. Бірақ Ақсай өзенінің ауданында барлығы орнында екені хабарланды (...)", - деп жазды ол сурет сипаттамасында.
Даниил Шаниннің видеосы
ТЖД мәліметінше, Наурызбай ауданындағы Қарғалы өзен суының деңгейінің көтерілгендігі жайлы хабар түнгі сағат 03.00-де түсті. Екі ауылды су басты - Қарғайлы және Каменка. Суды шлюз арқылы арнаға түсіру жұмыстары жүріп жатыр. Су бөгеті жарылған жоқ. Қазіргі уақытта су екі шлюз арқылы ағып жатыр. Жақын маңдағы елді мекеннің тұрғындары эвакуациялау жұмыстары жүру үстінде. Су бөгеті жарылған жоқ. Оқиға орнында құтқарушылар, полиция, ТЖД қызметкерлері және әкімпдіктің өкілдері жұмыс істеп жатыр - шамамен 440 адам. Зардап шеккендер жайлы мәлімет жоқ.
ТЖД өкілдерінің айтуынша, қалаға қауіп жоқ. Наурызбай аудандық әкімдігінде жедел штаб құрылды.
Өз кезегінде Алматы әкімінің кеңесшісі Сергей Куянов 05.00-де мамандардың аймақты тексеруге ұшып кеткенін хабарлады. Оның айтуынша, полиция селдің екінші толқынының жүретіні жайлы және су бөгетінің жарылғандығы жайлы әлеуметтік желіде жалған хабар таратқандарды іздестіруді бастап кеткен.