25 маусым 2020 | 12:44

"Қарындасын құтқармақ болған". Жезқазғанда 14 жастағы бала суға батып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ves-novgorod.ru Фото: ves-novgorod.ru

Жезқазғанда қарындасын құтқармақ болған 14 жастағы бала суға батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Жезқазғанда қарындасын құтқармақ болған 14 жастағы бала суға батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға Жезқазған шетіндегі тереңдігі 3 метр су толы шұңқырда болған.

"2006 жылы туған бала 2007 жылғы қарындасын құтқармақшы болған. Ол суға абайсызда құлап кеткен. Салдарынан 2006 жылғы бала суға батып кетті. Ал қызды жақын маңнан өтіп бара жатқан адам құтқарған. Баланың денесін судан құтқарушылар алып шықты, - дейді комитет қызметкерлері. 

24 маусымда Қазақстан су қоймаларында 4 адам суға кеткен. Жамбыл облысы Байзақ ауданы "Vita fruit" ЖШС аумағындағы жасанды су қоймасында 2001 жылы туған жұмысшы суға батып кеткен. Оның денесін аталған компания қызметкерлері тапқан.

Алматы облысы Қапшағай су қоймасында бір топ жас катамаранмен суға шомылуға болмайтын жерге барған. Кейін онда шомылған. Салдарынан 2001 жылы туған адам суға кеткен. Жігіттің денесін құтқарушылар тапты.

"Түркістан облысы Жетісай ауданында қайғылы оқиға тіркелді. Қазыбек ауылында ата-ананың қарауынсыз қалған 2015 жылы туған бала белгісіз себептерге байланысты каналда суға батып кеткен. Оның денесін судан жергілікті тұрғындар алып шықты", - дейді комитет қызметкерлері. 

Құтқарушылар қазақстандықтарға суға шомылуға болмайтын жерге бармауға, балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Сондай-ақ, ішімдік ішіп, суға шомылуға болмайтынын ескертеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети