21 ақпан 2018 | 12:59

Қашып кеткен әйелінің артынан келген ер адам Атырауда туысының үйін өртеп жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Днепр Час © Днепр Час

Ішімдікке мас болған ер адам балдызының үйіне келіп, баспанасын өртеп жіберген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау қалалылқ № 2 сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Ішімдікке мас болған ер адам балдызының үйіне келіп, баспанасын өртеп жіберген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау қалалылқ № 2 сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға 2017 жылы қарашада болған. Күйеуіне ренжіген әйел Атырау қаласының маңындағы Көкарна ауылындағы әпкесінің үйін паналаған. Ер адам артынан іздеп барған. 

"Үйде әйелі болмай шыққаннан кейін, ер адам өзін өзі өртемекші болып, әйеліне телефон арқылы бірнеше хабарлама жіберген. Бірнеше уақыттан соң азамат Б. әйелі паналап жүрген балдызының үйін өртеуді көздеген. Өрт салдарынан келтірілген залал мөлшері - 4 774 009 теңге", - деді сотта. 

Кейін ол келтірілген залалды өтеп берген. Жәбірленуші кешірім берген. Сот ер адамды ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы 3-бөлігі 2-тармағы ("Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру, аса ірі залал келтіруге әкеп соққан іс-әрекеттер") бабы бойынша кінәлі деп тауып, бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети