Қаскелең шатқалына демалуға барған бала өзенге ағып кетті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаскелең шатқалына демалуға барған бала өзенге ағып кетті © instagram/kaskelenkz

Алматы облысының Қарасай ауданында 2011 жылы туған бала өзенге ағып кеткен. Ол бір тәуліктен аса уақыттан бері іздестіріліп жатыр. Іздеу жұмыстарына 80-ге жуық адам жұмылдырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының Қарасай ауданында 2011 жылы туған бала өзенге ағып кеткен. Ол бір тәуліктен аса уақыттан бері іздестіріліп жатыр. Іздеу жұмыстарына 80-ге жуық адам жұмылдырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, Әли Балғазиев есімді бала абайсызда Қаскелең өзеніне батып кеткен. Оқиға 18 тамызда күндіз Қарасай ауданындағы Қаскелең шатқалында болған.

Әли отбасымен өзен маңына демалысқа шыққан. Бала өзен жағасына суретке түскісі келіп барған. Бірақ кенеттен аяғы тайып, өзенге құлап кеткен. 

"Қарасай аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен Қаскелең қалалық өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, Алматы қаласы РОСО жеке құрамы дереу шақырту орнына жөнелтілді. Іздеу жұмыстарына 80-ге жуық адам жұмылдырылды, оның ішінде полиция қызметкерлері, туыстары, жергілікті тұрғындар мен еріктілер. Қазіргі уақытта іздеу жұмыстары жалғасып жатыр", - деді Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі 19 тамызда кешке.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети