Қаскелеңде көпқабатты үйдегі жарылыстан тағы бір адам қайтыс болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қаскелеңде көпқабатты үйде болған жарылыстан тағы бір адам қайтыс болды. Мұның алдында 10 жастағы баланың қаза тапқаны айтылған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қаскелеңде көпқабатты үйде болған жарылыстан тағы бір адам қайтыс болды. Мұның алдында 10 жастағы баланың қаза тапқаны айтылған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері 1939 жылғы әйелдің аудандық ауруханада қайтыс болғанын айтты.

"Жансақтау бөліміне түскен соң әйелге регидратациялық және шокқа қарсы терапия жүргізілді. Бірақ жүргізілген емге қарамастан сағат 17.30-да әйел көз жұмды", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Көпқабатты үйдің тұрғындары уақытша басқа үйге көшірілді. Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев ауруханада жатқан тұрғындармен кездесті.

"Алматы облысы әкімінің тапсырмасымен сіздерге барлық көмек көрсетіледі. Бірінші кезекте мамандармен тұрғын үйді тексереміз. Сосын ғана үйді қалыпқа келтіреміз. Құрылыс компаниясы жұмысқа кірісу дайын, тек бұйрық күтіп отыр", - деді аудан әкімі.

Еске салайық, кеше, Қаскелеңде көпқабатты үйдегі жарылыс болып, салдарынан 10 жастағы баланың қаза тапқаны хабарланған болатын.

"Көпқабатты үйде газ жарылды, өрт шыққан жоқ. Жеті адам зардап шекті. Жарылыс салдарынан бөлмеаралық қабырғалар бүлінген. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуді тапсырды. Тұрғындарды уақытша басқа үйлерге көшіріп, үйді қалпына келтіруге көмектеседі", - делінген еді әкімдіктің хабарламасында.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro