Маңғыстау облысындағы Каспий жағалауында итбалықтың 40 өлексесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.
Маңғыстау облысындағы Каспий жағалауында итбалықтың 40 өлексесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде итбалықтар өлексесінің видеосы тарап жатыр. Кадрларда көздері зақымдалған бірнеше итбалық теңіз жағасында жатқаны көрінеді.
Маңғыстау облысы бойынша балық шаруашылығы инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Андрей Руцкий соңғы үш күнде ауа райының күрт құбылуына байланысты арнайы комиссия жағалауды тексеріп жатқанын айтты. Алдын ала жүргізілген сараптамадан кейін мәйіттерден физикалық зақым, жаралар немесе зорлық-зомбылық белгілері табылмады, дейді мамандар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Дауылдан кейін мамандар үнемі теңіз жағасын қарап, жануар өлекселері бар ма қарайды. Себебін медициналық сараптама анықтайды. Көздері қайтыс болғаннан кейін зақымданған. Өлі жануарлардың көзін құстар шұқып тастайды", - деді Андрей Руцкий.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!