Каспий теңізінде магнитудасы 4,5 болатын жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның геофизикалық зерттеулер институтының Сейсмикалық ақпараттарды жинау және өңдеу орталығына сілтеме жасап.

Орталық мәліметтеріне қарағанда, жерасты дүмпулері 1 тамыз күні Астана уақыты бойынша сағат 02.29-да тіркелген. Жер сілкінісінің магнитудасы - 4,5, энергетикалық класы - 10,7. Дүмпулер 16 шақырым тереңдікте болған. Зілзаланың әсері туралы мәлімет жоқ.
Мұның алдында жер сілкінісі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 125 шақырым қашықтықта болған еді. Магнитудасы 4,6 болатын жерасты дүмпулері 31 шілде күні 02.46-да тіркелді. Тербеліс эпицентрі 10 шақырым тереңдіктен анықталды.