25 қараша 2020 | 09:47

Каспийде құстардың жаппай қырылу себебі аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Атыраудаға "Ақ Жайық" табиғи мемлекеттік резерватында құстардың қырылуына жұқпалы пастереллез себеп. Елордада жасалған сараптама осындай қорытынды шығарды. Бұл туралы КТК телеарнасының сюжетінде айтылады.


Иконка комментария блок соц сети

Атыраудаға "Ақ Жайық" табиғи мемлекеттік резерватында құстардың қырылуына жұқпалы пастереллез себеп. Елордада жасалған сараптама осындай қорытынды шығарды. Бұл туралы КТК телеарнасының сюжетінде айтылады.

Бірақ құстардың мұны қайдан жұқтырғаны белгісіз. Өйткені су мен топырақтан және балықтан алынған сынама қорытындысында бұл дерттің белгісі байқалмапты.   

"Бұл құстар үй құсы емес, жабайы құстар. Олар Каспий теңізінен келіп, ұя, балапан салатын құстар. Көктемде келіп, күзде қайта ұшады. Құс белгісіз себеппен болғандықтан, әрі қарай тағы зерттеледі", - дейді Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Арман Молдашев.

Телеарна мәліметінше, Каспий теңізінің жағасында жабайы құстар осыдан үш апта бұрын өле бастаған. Осы уақытқа дейін суқұзғындар мен шағалалардың 150-ден астамы қырылыпты. Олардың пастереллезден өлгенін естіген жергілікті тұрғындар енді үрейленіп отыр екен. Өйткені бұл дерт жан-жанурлардан адамға да жұғады. Сондықтан мамандар қауіпті инфекцияның тұрғындарға тигізер зиянын анықтап жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети