Қауіпті жағдай: Алматыда жаяу жүргіншілер көпіріндегі мопед видеоға түсіп қалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қауіпті жағдай: Алматыда жаяу жүргіншілер көпіріндегі мопед видеоға түсіп қалды видео кадры

Алматыда жаяу жүргіншілер көпіріндегі мопед видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жаяу жүргіншілер көпіріндегі мопед видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шығыс айналма жолы. Мопед жүргізушілері жолда жүргендей жаяу жүргіншілер көпірімен жүр", - делінген видео сипаттамасында.

Бұл ретте пікір білдіргендер арасында мопед тебетіндердің жаяу жүргіншілерге арналған жолдармен жүруі қаншалықты заңды деген сұрақ туындайды.

Алматы қалалық Полиция департаменті мәліметінше, мопед тебетіндерге жаяу жүргіншілер өткелі, жаяу жүргіншілер жолымен де жүруге болмайды.

"Мопедтер мен велосипедтерді пайдалану ережелері ҚР ЖҚЕ 24-тарауында көрсетілген. ҚР ЖҚЕ 24-тарауы 4-тармағы мен 6-тармағына сәйкес, мопедтер жаяу жүргіншілер жолымен жүре алмайды. Мұндай заңбұзушылықтарға мопед тізгіндеген азаматтар ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы 1-бөлігі бойынша жазаланады", - деп түсіндірді Алматы қалалық Жергілікті полиция қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети