Қайта ұсталған бұрынғы әкім Нұрғали Аппазов қазір қайда отыр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайта ұсталған бұрынғы әкім Нұрғали Аппазов қазір қайда отыр? Фото: akimat-talgar.gov.kz

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) Алматы облысы Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің бұрынғы әкімі Нұрғали Аппазовтың қазір қайда екенін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) Алматы облысы Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің бұрынғы әкімі Нұрғали Аппазовтың қазір қайда екенін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, Нұрғали Аппазов қазір аралас қауіпсіздік мекемесінде отыр. Жақын арада ол сот үкімі бойынша, жаза өтеу орнына жіберіледі.

"Сонымен қатар, сотталғандарға қатысты шешім қабылдау және оны қарау сот құзыретіне кіреді", - деді ҚАЖК өкілдері.

Еске сала кетейік, Алматы облысы Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің бұрынғы әкімі Нұрғали Аппазов алғаш рет 2020 жылы белсендіге қарулы шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған болатын. Екінші рет ол 2022 жылы әкім қызметін атқарған кезінде жерге байланысты жасалған алаяқтық әрекеттері үшін сотталған.

Сот шешімі бойынша, ол жалпы алғанда 8 жылға бас бостандығынан айырылып, 2030 жылы бостандыққа шығуы тиіс еді. Алайда Tengrinews.kz тілшілері 2023 жылдың қазанынан бастап Аппазовтың ҚАЖК жүйесінде тіркелмегенін анықтады.

Алматы облыстық сотының редакция сауалына берген жауабында, 2023 жылдың 14 қыркүйегінде Қонаев соты оның жазасын айыппұл түріндегі жеңіл жазаға ауыстырғаны айтылды. Алайда 2024 жылдың 8 ақпанында екінші сатыдағы сот жазаны жеңілдету туралы шешімнің күшін жойды.

Бірақ осыдан кейін Аппазов қамауға алынбағаны белгілі болды және ҚАЖК деректері бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде тіркелмеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети