KAZ Minerals тобы "Шығыстүстімет" ЖШС-ға қарасты Орлов шахтасында қайғылы оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бір адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компания сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 2 желтоқсанда сағат 09.00 шамасында болған.
"Орлов шахтасының 12-нші жерасты қабатында компанияның үш қызметкері ессіз күйде табылды. Оқиға орнына келген мамандар екі қызметкердің қайтыс болғанын анықтады. Тағы бір зардап шеккен қызметкер ауруханаға жеткізілді. Оның жағдайы тұрақталды", - делінген хабарламада.
Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр, қайғылы оқиғаны тергеу мақсатында арнайы комиссия құрылды.
KAZ Minerals тобының басшылығы мен ұжымы қаза болған қызметкерлердің туған-туыстарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасты.