"Қазақалтын" кенішінде жұмысшы қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақалтын" кенішінде жұмысшы қаза тапты Скрин видео. Kokshetau.asia.

"Қазақалтын" кенішінде тау жынысының опырылуы салдарынан жұмысшы қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы ТЖД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақалтын" кенішінде тау жынысының опырылуы салдарынан жұмысшы қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы ТЖД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға "Қазақалтын" кәсіпорнына тиесілі Бестөбе кенішінде болған. Кеніш Степногорск маңында орналасқан.

"17 қазанда түстен кейін өндірістік жұмыстарды жүргізу кезінде тау жынысы опырылып, салдарынан 1987 жылы туған кәсіпорынның жұмысшысы қаза тапты", - делінген хабарламада.

"12.30-да оқиға орнында "Қазақалтын" кәсіпорнының жанындағы құтқарушылар жасағы жұмыс істеді. Олар зардап шеккен адамды медицина қызметкерлеріне тапсырды. Ер адам қатты жарақат алған. Ол Степногорск қалалық ауруханасында қайтыс болды. Кеніш штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Төтенше жағдайдың себебі анықталып жатыр", - дейді Степногорск қаласы ТЖ басқармасының басшысы Еркебұлан Есенжолов.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети