Әл-Фараби даңғылының бойында орналасқан "Қазақфильм" АҚ территориясындағы декоративті контейнер өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әл-Фараби даңғылының бойында орналасқан "Қазақфильм" АҚ территориясындағы декоративті контейнер өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің мәліметінше, 30 қазанда 16:54-те Бостандық ауданы әл-Фараби даңғылы 176, "Қазақфильм" АҚ мекенжайында декоротивті контейнердің өртенгені туралы хабар түсті.
"Бірінші өрт сөндіру техникалары сегіз минуттан соң, 17:04-те жетті. Түсірім алаңы үшін салынған декоротивті ғимарат өртеніп жатқаны анықталды. Алматы өрт сөндірушілері 7 минутта (17:11) өртті ауыздықтап, 17:20-да толығымен сөндірді. Өрт аумағы - 60 шаршы метр. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ", - деді қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.
Сонымен қатар, өрт сөндіруші мамандар өрттің басқа да ғимараттарға көшуін тоқтатқан.