"Қазақмыс" бас директорына өз кабинетінде пышақпен шабуыл жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақмыс" бас директорына өз кабинетінде пышақпен шабуыл жасалды Амангелді Минигулов

"Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС кен-байыту кешенінің бас директоры Амангелді Минигулов Жезқазғанда пышақ жарақатын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС кен-байыту кешенінің бас директоры Амангелді Минигулов Жезқазғанда пышақ жарақатын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оған шабуылды "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС "Кәсіпқорған" кәсіподақ төрағасы Т.А.Тәжбенов жасаған. Олардың арасында жанжал болған екен. Сосын ол Минигуловтың арқасына пышақ жарақатын салған. Оқиға 21 қаңтарда сағат 18.20-да болған.

"Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС маманы С.А.Тембаев та зардап шеккен, ол қақтығыстың алдын алуға тырысқан. Оның кеуде тұсы пышақтан жарақаттанған.

"Сосын, куәгерлердің айтуынша, Т.А.Тәжбенов өз кеудесіне пышақ ұрып, оқиға орнында қаза тапқан. А.М.Минигулов пен С.А.Тембаев ауруханаға жеткізілді. Осы дерек бойынша тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады полициядағылар.

Сондай-ақ оқиға орнынан видео пайда болды.

"Жедел жәрдем бригадасы кәсіпорыннан пышақ жарақатымен екі адамды ауруханаға жеткізді. Олардың біреуіне операция жасалды. Екіншісіне көмек көрсетілді. Екеуі де "Қазақмыс" компаниясының медициналық орталығында", - деп хабарлады Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети