Қазақстан-Қытай арасындағы мемлекеттік шекарадан өтіп бара жатқан қытайлық азаматтың қалтасынан жылан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан-Қытай арасындағы мемлекеттік шекарадан өтіп бара жатқан қытайлық азаматтың қалтасынан жылан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нақтырақ айтар болсақ, Мақаншы шекара отрядына қарасты "Бақты" бақылау-өткізу бекетінің шекара жасағы 60 жастағы қытайлық азаматты шекаралық тексеруден өткізіп жатқан кезде оның қалтасынан ұзындығы бір метрге жуық жыланды тауып алды. Сарафан қапшыққа салынған өлі жылан қытайлық азаматтың үстіндегі костюмінің қалтасынан шыға келді.
Оны не мақсатпен алып бара жатқандығын тиісті орындар анықтайтын болады.