ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық станциялар желісінде 2017 жылдың 5 мамырында Қазақстан маңында тағы бір жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық станциялар желісінде 2017 жылдың 5 мамырында Қазақстан маңында тағы бір жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл жолы жер сілкінісі Астана уақыты бойынша сағат 12.38-де тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан 565 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан. Энергетикалық класы - 10,3, магнитудасы - 4,3. Жер сілкінісі 25 шақырым тереңдікте болған. Жерасты дүмпуіні Қазақстанда сезілгені жайлы мәлімет жоқ.
Еске сала кетейік, осыған дейін бүгін, 5 мамырда Шымкентте жер сілкінісінің сезілгені жайлы хабарланған болатын. Жерасты дүмпуі сағат 11.09-де болған.
Сондай-ақ, кеше Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі сезілген болатын. Сейсмологтардың мәліметінше, 3 мамырда шамамен сағат 10.49-да Тараз бен Шымкент тұрғындары жер сілкінісін сезген.