Қазақстан мен Қытай шекарасында магнитудасы 3,9-ға тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" мемлекеттік мекемесіне сілтеме жасап.

Жерасты дүмпулері 12 мамырда Астана уақыты бойынша сағат 10.41-де тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі қазақ-қытай шекарасында Алматының солтүстік-шығысынан 347 шақырым жерде болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8,5, ал жерасты дүмпулерінің ошағы 10 шақырым тереңдікте болған. Қаза болғандар мен қирандылар туралы мәлімет жоқ.
Еске сала кетейік, бұған дейін Өскеменнен солтүстік-шығысқа қарай 320 шақырымда магнитудасы 3,6-ға тең жер сілкінісінің болғаны хабарланды. Жер асты дүмпуі 12 мамырда Астана уақыты бойынша сағат 00.41-де тіркелді. Жер сілкінісі Алтай республикасы аумағында болды. Жерасты дүмпулерінің ошағы 2 шақырым тереңдікте болған. Эпицентр Риддерден солтүстік-шығысқа қарай 250 шақырым, Зыряновск қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 218 шақырым қашықтықта болды. Жер сілкінісінен зардап шеккендер мен қирандылар туралы мәлімет жоқ.