Қазақстан - Ресей шекарасынан 50 келі бекіре тұқымдас балық табылды

30 Қаңтар 2015, 10:30
0
Қазақстан - Ресей шекарасынан 50 келі бекіре тұқымдас балық табылды - ©РИА Новости
©РИА Новости

Атырау облысында Қазақстан - Ресей шекарасынан браконьерлер аулаған 50 келі бекіре тұқымдас балық табылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз өкілдеріне сілтеме жасап. 

"Шекара қызметінің еліміздің батысындағы "Жағалау күзеті" өңірлік басқармасына қарасты "Ганюшкино" заставасының наряды қызмет барысында Аяпберген ауылының маңайынан, мемлекеттік шекарадан 8 шақырым қашықтықта мұз бетінде нөмірсіз тұрған "ИЖ" мотоциклін тапты. Мотоциклді тексеру кезінде одан бекіре тұқымдас балық салынған 2 қапшық балық табылды, салмағын өлшеп жібергенде 50 килограмға жетіп жығылды", - делінген Шекара қызметі таратқан хабарламада. 

Аталған дерек бойынша материалдарды жергілікті ішкі істер басқармасына беру көзделіп отыр. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан - Ресей шекарасында 150 келі теңіз шаянының тәркіленгені хабарланған болатын. Шекара қызметінің "Батыс" өңірлік басқармасына қарасты Орал шекара отрядының "Ақсай" (автомобиль) бақылау-өткізу бекетінің бақылаушылары салмағы 150 келі болатын теңіз шаянын заңсыз жолмен әкетіп бара жатқан Ресей Федерациясының азаматын ұстады. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай