Қазақстан - Ресей шекарасында 100 тоннаға жуық металл контрабандасының жолы кесілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан - Ресей шекарасында 100 тоннаға жуық металл контрабандасының жолы кесілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.
"Ақтөбе шекара отрядына қарасты "Жайсаң" (автомобильді) өткізу бақылау бекетінің бақылаушылары Қарағанды - Орынбор бағытында салмағы 100 тоннаға жуық түсті металл – мыс кесектерін жүк машинасына артып келе жатқан еліміздің бес азаматын ұстады", - делінген хабарламада.
Тексере келгенде ұсталған азаматтардың қолында жүкті өңдеуге және оны Қазақстан Республикасы аумағынан алып өтуге берілетін мемлекеттік лицензия болмай шықты. Жүктің алдын ала есептегендегі құны - 120 млн теңге.
Алдын ала тергеуден кейін аталған жүк Ақтөбе облысы бойынша қаржы полициясы департаментіне берілді. Еске сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Қазақстан - Ресей шекарасында 20 тонна қауіпті химиялық заттың тәркіленгені хабарланған болатын. Ресей азаматы Алтай өлкесінен Қазақстанға қауіпті заттардың партиясын заңсыз алып өтуға тырысқан.