Қазақстанда 45 градусқа дейін аяз болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 45 градусқа дейін аяз болады Фото:depositphotos.com

Синоптиктер 20, 21 және 22 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 20, 21 және 22 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Метеорологтар мәліметінше, арктикалық антициклон Қазақстанның солтүстігі, шығысы, оңтүстік-шығысы және орталығына әсер етеді, салдарынан аяз сақталады. Алайда еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауады, бұрқасын соғады; таулы аймақтарда – қалың қар жауады, сондай-ақ республиканың оңтүстік-шығысында аяз біртіндеп әлсірейді.

"Ауа температурасы батыста төмендейді деп күтіледі: түнде 10-25 градус аяз, күндіз 5-15 градус аяз, республиканың солтүстік және орталық аймақтарында температура фоны 28-38 градус аяз шегінде болады, күндіз 15-23 градус аяз, шығыс облыстарда түнде 32-45 градус аяз, күндіз 20-32 градус аяз, республиканың оңтүстік-шығысында түнде 15-25 градус аязға дейін біртіндеп көтеріледі, күндіз 0-13 градус аязға дейін төмендейді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети