09 тамыз 2021 12:28

Қазақстанда әр үшінші жол-көлік оқиғасы - жаяу жүргіншіні қағып кету

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Қазақстанда әр үшінші жол-көлік оқиғасы жаяу жүргіншіні қағып кетуге байланысты болатынын мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Қазақстанда әр үшінші жол-көлік оқиғасы жаяу жүргіншіні қағып кетуге байланысты болатынын мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жолдардағы өлім-жітім көлік апатының негізгі үш динамикасына байланысты - жаяу жүргіншілерді қағуып кету, аударылып қалу және соқтығысу. Апаттың осы түрлері бойынша өлім-жітім жолдардағы барлық өлім-жітімнің 58 пайызын алады. Елімізде, жол-көлік оқиғасынан қаза болғандардың әр үшінші бөлігі осы категорияға жатады", - деді ҚАЖ басшысының орынбасары Серік Түсіпов брифингте.

Оның айтуынша, жаяу жүргіншілер арасында да жол жүру тәртібін сақтамау мәселесі бар. Жыл басынан бері олардың тарапынан 150 мыңнан аса жол қозғалысы ережелерін бұзу анықталған.

"Жүргізушілерге келетін болсақ, әр бесінші жол-көлік оқиғасы елді мекендерде жылдамдық режимін асыруға байланысты болады. Олардың үлесі- 1296 ЖКО, 136 адам қаза тауып, 1128 адам жарақат алған", - деп қорытындылады Түсіпов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети