Қазақстанда жарты миллион долларды заңсыз шығармақ болғандар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жарты миллион долларды заңсыз шығармақ болғандар ұсталды Фото: ҚМА

Қазақстанда 2024 жылдың басынан бері декларацияланбаған валютаны ЕАЭО шекарасынан заңсыз өткізудің 17 әрекеті тоқтатылды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 2024 жылдың басынан бері декларацияланбаған валютаны ЕАЭО шекарасынан заңсыз өткізудің 17 әрекеті тоқтатылды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жылдың басынан бері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы декларацияланбаған валютаны заңсыз өткізудің 17 дерегі анықталған.

"Анықталған валютаның жалпы сомасы 529 152 АҚШ доллары мен 9 500 еуро болады. Оның ішінде 15 жағдай Алматы қаласында, 2 жағдай Маңғыстау облысында тіркелген", - делінген хабарламада.

Агенттік иттердің көмегімен есірткіні заңсыз тасымалдаудың 33 дерегін анықтаған.

"Табылған есірткінің жалпы салмағы 17 келі, оның ішінде:

  • марихуана/каннабис – 5,2 келі. (20 факт);
  • гашиш/гашиш майы – 11,5 келі. (11 факт);
  • көкнәр сабаны, тетрагидроканнабинол және басқа да синтетикалық есірткі түрлері", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети