Қазақстанда жол апатына ұшырап, қаза тапқан Өзбекстанның жеті азаматының денесі отанына жеткізілді, деп хабарлады otyrar.kz порталы ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанда жол апатына ұшырап, қаза тапқан Өзбекстанның жеті азаматының денесі отанына жеткізілді, деп хабарлады otyrar.kz порталы ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Порталдың хабарлауынша, ТЖМ, СІМ, ІІМ, Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Қарақалпақстан Республикасының Министрлер Кеңесінің, қазақстандық өкілдердің күш біріктіруімен бүгін, 4 наурыз күні сағат 11.45-те мәйіттер Хорезм облысына жеткізілді. Қаза болғандардың барлығы осы өңірде тұрған.
Еске сала кетейік, 1 наурызда жергілікті уақыт бойынша шамамен 04:30-да Маңғыстау облысы "Ақтау-Бейнеу" тасжолының бойындағы Сай-Өтес ауылының маңында ірі жол-көлік оқиғасы болды. Онда Shacman маркалы жүк көлігі мен Lada Largus соқтығысқан еді.