Шомылу маусымы басталғаннан бері Қазақстанда 236 адам суға батып кеткен, оның 81-і - бала, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шомылу маусымы басталғаннан бері Қазақстанда 236 адам суға батып кеткен, оның 81-і - бала, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өткен аптаның өзінде 24 адам суға батқан, оның алтауы - бала. Мамандардың айтуынша, адамдардың суға батып кетуіне басты себеп - шомылуға болмайтын орындарға түсу, балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдыру және мас күйде шомылу.
"Көбіне мұндай оқиғалар адамның өзіне қатты сенгеніне, күші мен мүмкіндігін артық бағалауына, суда жүзу ережесін орындамауына байланысты болып жатады", - дейді ведомствоның ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Құтқарушылар тұрғындарды суда жүзудегі қауіпсіздік ережелерін сақтап, алкоголь және есірткі қолданған кезде шомылмауға шақырады. Сондай-ақ мамандар суға қайық, катер, айлақтардан секірмеуге кеңес берді.