09 сәуір 2014 | 11:00

Қазақстанда террористің әлеуметтік бет-бейнесі жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Knb.kz ©Knb.kz

Қазақстанда террористің әлеуметтік бет-бейнесі жасалды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтемемен. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда террористің әлеуметтік бет-бейнесі жасалды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтемемен. 

Әлеуметтік мінездеме соңғы алты жыл ішінде лаңкестігі үшін сотталған адамдарға қатысты кешенді әлеуметтік талдау негізінде жасалған. Талдауды Қауіпсіздік бағдарламалары орталығы жүргізген.

"Ол - 28 жас шамасындағы орта білімі бар жұмыссыз жігіт. Арнайы діни білімі жоқ. Үйленген, бірнеше баласы бар", - дейді Бас прокуратураның өкілдері террористерге ортақ сипаттама туралы. Ведомствоның мәліметінше, лаңкестікке жұмылдырылған адамдар еліміздің батыс аймақтарында көп. 

2013 жылы Қазақстан соттары экстремизм және терроризм деректері бойынша 83 тұлғаға қатысты барлығы 38 қылмыстық істі қараған. Сотталғандардың 51-і террористік қылмысы үшін, 32-сі экстремизм үшін айыпталды. Істердің көбі Атырау, Алматы, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары мен Алматы қаласында қаралған. 

Еске салайық, 2013 жылдың қазан айында Қазақстанда діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет етудің 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілген болатын. Оның басты мақсаты - діни экстремизм көрінісінен сақтандыру мен терроризм қаупін жою арқылы адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети