Қазақстандағы тәртіпсіздіктер: Ұлттық ұлан мен полицияның 8 қызметшісі қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы тәртіпсіздіктер: Ұлттық ұлан мен полицияның 8 қызметшісі қаза тапты Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде түсірілген сурет. © Tengrinews.kz

Қазақстанда тәртіпсіздіктер кезінде Ұлттық ұлан мен полицияның 8 қызметшісі қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда тәртіпсіздіктер кезінде Ұлттық ұлан мен полицияның 8 қызметшісі қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ мәліметіне сілтеме жасап.

Ведомство хабарына қарағанда, Ұлттық ұлан мен полицияның 317 қызметкері жарақат алған, 8-і қаза тапқан. 

"Қазіргі уақытта арандату мен тәртіпсіздікке қатысуды шиеленістірмеудің алдын алу үшін барлық шара қолданылып жатыр", - деп хабарлады ІІМ өкілдері.

Сонымен қатар, тас лақтыру, арматурамен және битамен ұру, жанғыш сұйық затпен шабуылдау әрекеттері болғаны айтылады. Мемлекеттік басқару, сауда, тамақтану және банк қызметін көрсететін нысандар шабуылға ұшырағаны белгілі болды. Бүлінгендер қатарында денсаулық сақтау арнайы көліктері, өрт сөндіру машиналары және азаматтардың мүліктері бары айтылады.

Хабар соңында ведомстводағылар халықты арандатуға ермей, заңсыз әрекеттің арты жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети