12 қазан 2014 17:40

Қазақстандық әнші жол апатынан қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Антон Самойлов. Фото vk.com сайтынан Антон Самойлов. Фото vk.com сайтынан

Қазақстандық жас әнші Антон Самойлов жол апатынан қайтыс болды. Бұл туралы өзінің Instagram парақшасында танымал тележүргізуші және продюсер Әділ Лиян жазды.


Қазақстандық жас әнші Антон Самойлов жол апатынан қайтыс болды. Бұл туралы өзінің Instagram парақшасында танымал тележүргізуші және продюсер Әділ Лиян жазды.

Әділдің сөздеріне сүйенсек, жол апаты оқиғасы осыдан бірнеше күн бұрын болған. " Антон Самойловтың туысқандары мен жақындарына көңіл айтамын. Жаның жаннатта болсын. Ол жақсы жігіт, тәуір әнші еді. Жол апаты оқиғасында өзінің сүйікті қызымен бірге қайтыс болды. Олар некелерін қиған еді", - деп жазды Лиян. Жерлеу рәсімі 12 қазан күні болады.

Антон Самойлов лирикалық балладаларды орындаушы ретінде танымал болатын. Әсіресе "Сүйем сені ғана" әніне жазылған клиптен кейін Антон Самойловтың есімі кеңінен тарады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети