Қазақстандық блогер ӘЧ барар жолда қаза тапты: СІМ оқиғаның мән-жайын айтып берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сұңқар Қилаж Stence атты бүркеншік атпен танымал болған. © vk.com Сұңқар Қилаж Stence атты бүркеншік атпен танымал болған. © vk.com

Қазақстан СІМ өкілдері қазақстандық блогердің отбасымен бірге Ресейде жол апатынан қаза тапқаны жайлы оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан СІМ өкілдері қазақстандық блогердің отбасымен бірге Ресейде жол апатынан қаза тапқаны жайлы оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Омск қаласындағы Қазақстан Консулдығы Ресей ІІМ Бас басқармасының Челябі облысы бойынша алған мәліметінше, 2018 жылы 6 шілдеде Челябі облысы Ашин ауданындағы тас жолдың "Мәскеу - Челябі" 1593 шақырымында жеңіл көлікпен жүк көлігінің соқтығысуынан Қазақстанның үш азаматы қайтыс болды. Жүргізуші мен екі жолаушы алған жарақтынан оқиға орнында қаза тапты", - деді СІМ баспасөз қызметі. 

СІМ мәліметінше, қаза тапқандар: жүргізуші Магазов К.К., 14.05.1963 жылғы; жолаушылар Килаж Д.К., 28.12.1999 жылғы және Оразбаев Д.И., 01.03.2000 жылғы. 

"2018 жылы 7 шілдеде қаза тапқандардың мүрдесі туыстарына берілді. Жол-көлік оқиғасына қатысты Ресей ІІМ Ашин аудандық бөлім басшысының орынбасары процессуалды тексеру жүргізіп, соның нәтижесінде қылмыстық іс қозғаудан бас тартқан", - деді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Еске салайық Әлем Чемпионатына бара жатқан жолда қазқастандық видеоблогер Stence лақапатымен танымал Сұңқар Қилаж  әкесімен және бауырымен бірге қаза тапты. Жігіт пен оның әкесі және бөле ағасы жантүршігерлік жол көлік апатына ұшараған. Бұл оқиға Челябі облысының Сим қаласына жақын жерде болған. Жеңіл автөкөлік қарсы жолда келе жатқан көлікпен соқтығысып, екі автокөлік те оқиға орынында жанып кетті. Үшеуі де оқиға орнында қайтыс болды.  

Қайғылы оқиға 6 шілдеде болған. Бірақ тек қазір автокөлік ішінде кім болғаны анықталды. Сұңқар Қилаж YouTube арнасында Stence Show арнасында компьютерлық видеоойындар мен онлайн ойындардың видеоларын жариялайтын.

Оған қоса "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде Stence page парақшасында әзілге арналған паблигін жүргізген.

Блогердің қазасы туралы ақпаратты Stence page парқшасы мен Сұңқарға арналған арнайы топта естіртті.

Жігіт 9 шілдеде Петропавлда жерленген. "Біз Сұңқардың жақындарына сабыр тілейміз. Сұңқар әрдайым күлімсіреп, жанында жүрген адамдарға шаттық сыйлайтын және адал бос болған еді" , - деп жазды блогердің таныстары.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro