Қазақстандық қателесіп жіберілген миллион теңге үшін сотталуы мүмкін

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық қателесіп жіберілген миллион теңге үшін сотталуы мүмкін

Қостанай облысы Әулиекөл аудандық соты "бөтен миллион теңге" туралы істі қарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" арнасына сілтеме жасай отырып.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысы Әулиекөл аудандық соты "бөтен миллион теңге" туралы істі қарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" арнасына сілтеме жасай отырып.

Талапкер - Қызылорда облысының тұрғыны. Былтыр қазанда әйел құрбысының картасына 1 миллион теңге жібергісі келген. Бірақ соңғы 4 санды қате терген. Ақша Қостанай облысына, басқа ауыл тұрғынына түсіп кеткен.

Телеарна мәліметінше, талапкер және жауапкер бет-әлпетін көрсеткісі келмеген, сондай-ақ, аты-жөндерін айтпауды өтінген. Дегенмен Әулиекөл тұрғыны телефон арқылы сөйлескен кезде бөтен миллион теңгені бірден алмағанын айтты. Оның айтуынша, телефонында банк қосымшасы жүктелмеген, банктен де хабарлама келмеген. Сонымен қатар, ақша түскеннен кейін банк бірден соманың жартысынан оның кредитін ұстап қалған.

"Үлкен сома түсті. Егер ақша түскен күні білсем, картаны бұғаттап, тоқтататын едім. Маған мұның бәрі автоматты түрде алып тасталатынын айтты", - деді Әулиекөл ауылының тұрғыны.

Соманың қалған жартысын әйел бірден иесіне жіберді. Бірақ банк алған ақшаны қайтармады. Әйел ол ақшаны қазір қалтасынан бере алмайды. Ол жұмыс істемейді, декреттік демалыста. Сондықтан іс сотқа дейін жеткен.

Телеарна мәліметінше, алдымен тараптар мәселені татуласу арқылы шешуге тырысқан. Бірақ келісе алмаған. Талапкер ақшаны дереу алғысы келеді, ал жауапкер бұл жағдайда өзінің кінәсі жоқ деп санайды. Сонымен қатар, қалған ақшаны өз иесіне банк қайтаруы керек деп ойлайды. Сот бірнеше аптадан кейін шешім шығарады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети