12 ақпан 2022 09:48

Қазақстандық келіншек Таиландта жол апатына ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/stanislav_goodwin © instagram/stanislav_goodwin

28 жастағы қазақстандық Вероника Бычкова Таиландта ірі жол апатына ұшырап, көмек ала алмай отыр. Турист қызды жергілікті тұрғын жылдамдықпен қағып кеткен, сосын оқиға орнынан жасырынып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.


28 жастағы қазақстандық Вероника Бычкова Таиландта ірі жол апатына ұшырап, көмек ала алмай отыр. Турист қызды жергілікті тұрғын жылдамдықпен қағып кеткен, сосын оқиға орнынан жасырынып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Туыстарының айтуынша, Вероника қолынан айырылып қала жаздап, сүйектері сынып, жергілікті ауруханаға жеткізілді.

Турист өзінің сапарын 50 мың долларға сақтандырғаны хабарланды. Бірақ жұбайы сақтандыру компаниясына барғанда, ол жердегілер міндетін орындаудан бас тартқан. 

"Interteach халықаралық сақтандыру компаниясында сақтандырылған. Жол апатынан кейін сақтандыру компаниясы ауруханаға жатқызуға да, емдеуге де қатысқан жоқ. Алғашқы операция жасалды, кейін тағы үшеу бар, өйткені сүйекке металл салып, қолын жинап шығу керек. Қолындағы сүйектің бір бөлігі, фрагменті жоғалған", - дейді зардап шеккен әйелдің қайын енесі, Алматы тұрғыны Лариса Мельникова.

Вероника Таиланд ауруханасында жатқалы бір аптадай болды. Оған жанашыр қазақстандықтар көмектесіп жатыр. Бірінші операцияға ақша жинап берген де солар. Верониканың туыстары Қазақстан елшілігі жұмыс істемей жатқанына наразы. Отбасы Nur Otan партиясынан көмек сұрады. "Сонда ғана іс жүре бастады" дейді жәбірленушінің туыстары.

"Қазіргі уақытта осы дерек бойынша Бас прокуратураға, Сыртқы істер министрлігіне хат жолдадық. Қазақстан өкілдігі кез келген көмекті, заңгер қызметін қоса алғанда қамтамасыз етуге тиіс. Мен заң шығарушы органға, Мәжіліске, Парламентке жұмыс тобын құрып, ҚР-дағы сақтандыру қызметі туралы заңға өзгерістер енгізу керек екенін айтқым келеді", - деп мәлімдеді заңгер Нұрлан Слямов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 471.84   490.7   5.52 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети