Қазақстандық шаруа Геннадий Зенченко қайтыс болды

18 Желтоқсан 2016, 13:58
0
Қазақстандық шаруа Геннадий Зенченко қайтыс болды -

Қазақстандық шаруа Геннадий Зенченко 79 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі. Шаруа қызметкерінің бүгін қайтыс болғаны белгілі болды. Айта кетейік, жерлеу рәсімі Новоникольск ауылында өтеді.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер де бұл мәліметті растады. "Бүгін, 2016 жылдың 18 желтоқсанында таңғы сағат 8-де ұзаққа созылған аурудан кейін қазақстандық ауыл шаруашылығы өндірісінің ұйымдастарушысы, Қазақстанның Еңбек Ері,  "Зенченко и К" серіктестігінің бас директоры дүниеден озды. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдары жерлеу рәсімімен белсенді түрде айналысып жатыр. Жерлеу рәсімі ертең күндізгі сағат 12.00-де Қызылжар ауданы Новоникольск ауылында өтеді. Жерлеу рәсіміне қатысамын деушілерді Петропавловсктан Новоникольск ауылына жеткіземіз", - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер.

Геннадий Иванович Зенченко - "Зенченко и К" серіктестігінің бас директоры қызметін атқарды. Қазақстан Республикасының Еңбек ері атанған, сондай-ақ, Геннадий Иванович Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы атағына ие болған.

Еске сала кетейік, осыған дейін 15 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық шаруа Геннадий Зенченконың жазған екі хаты жайлы айтып берген болатын. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл хаттарда қазақстандықтардың Тәуелсіздіктің 25 жылында қалай өмір сүргені көрсетілген.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай