Қазақстандық студент Омбыда қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық студент Омбыда қаза тапты

Қазақстандық студент Омбыда жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровқа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық студент Омбыда жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровқа сілтеме жасап.

Оқиға 23 наурызда кешкі уақытта болды. Жаяу жүргіншілерге арналған жолда Инна Федерованы Toyota маркалы автокөлігі қағып кеткен. Миы зақымдалған қыз бала ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. Алған жарақатының тым ауыр болуына байланысты қыз бала ес жимастан қайтыс болды. 

"Қайғылы оқиға қаза болған қыздың туыстарына хабарланды. Ресей ІІББ Омбы облысы тергеу басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Қылмыстық іс қозғалуға іс материалдары жинастырылып жатыр. Қазақстанның консулдығы осы істі бақылауға алды және құқық қорғау органдарымен байланыста", - деді Смадияров.

Инна Омбы мемлекеттік техникалық университетінің екінші курс студенті болған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети