Солтүстік Кипрде қазақстандық 22 жастағы студент Имран Османов белгісіз жағдайда қаза болған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне марқұмның әпкесі Ирада Османова айтып берді. Оның айтуынша, оқиға 2016 жылдың 5 қаңтарында болған. Жігіт санаулы күндерден кейін 23 жасқа толар еді.
Солтүстік Кипрде қазақстандық 22 жастағы студент Имран Османов белгісіз жағдайда қаза болған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне марқұмның әпкесі Ирада Османова айтып берді. Оның айтуынша, оқиға 2016 жылдың 5 қаңтарында болған. Жігіт санаулы күндерден кейін 23 жасқа толар еді.
Ирада Османованың айтуынша, өзінің Кипрде оқып жатқанына 8 жыл болыпты. Ал інісі Имран оған 2015 жылдың маусымында келіп, шәкіртақысы бар негізде Британиялық университетке түсіпті.
"Соңғы екі аптада оның Оңтүстік Кипрдегі күмәнді жігіттерімен байланысқанын байқадық, - дейді Ирада Османова. - Ұялы телефондағы хабарламаны оқып, одан біреулердің ақша талап етіп жатқанын білдік (...) Інім ақшасының жоқтығын айтып, жауап берді. Осыдан кейін інім мен оның достары букмекер конторасын тонауға кетті, бірақ ол ұсталып қалды, көшеде күтіп тұрған достары болса қашып кетіп, тіпті Солтүстік Кипр шекарасынан асып кеткен. Имран осынлайша полицияға түсті, келесі күні ол асылған күйі табылды. Біз бұған сенбейміз, істің тергелгенін қалаймыз, қазақстандық дипломаттардың бізге көмектескенін қалаймыз", - деді ол.
Әйелдің айтуынша, іс жабылған, ал Османовтардың жаняұсына ешқандай да мәлімет бермей отыр.
Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Ішкі істер министрлігінен түсінік сүрады. Баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақовтың айтуынша, бұл іс Қазақстанның Израильдегі дипломаттарының бақылауында екен.
"Бұл қайғылы оқиғадан хабардармыз, осыған байланысты Қазақстан СІМ дипломаттармен байланысты (...). Солтүстік Кипрді халықаралық қоғамдастық танымағандықтан, ол жақтан мәлімет алу қиын. Қазіргі уақыттта ҚР Израильдегі елшілігі қазақстандық студенттің өлімі туралы деректі бақылауға алып отыр. Ведомство өз тарапынан Қазақстан азаматы Имран Османовтың өлімінің жағдайларын білу үшін бар күш-жігерін салады", - деді Жайнақов.