Қазақстандық танысын интим суреттерін жариялаймын деп бопсалаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық танысын интим суреттерін жариялаймын деп бопсалаған Фото:depositphotos.com

Маңғыстау облысында интим суреттерді таратамын деп ақша бопсалаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында интим суреттерді таратамын деп ақша бопсалаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

2025 жылдың 26 қаңтарында шамамен 14:50-де Маңғыстау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері Жаңаөзеннің Шаңырақ ықшамауданында жылдам әрекет ету арнайы бөлімшесінің жауынгерлерімен бірлесіп жедел-іздестіру шараларын өткізді.

"Нәтижесінде 2004 жылы туған Жаңаөзен тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 194-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілінді. Тергеу барысында күдікті өзінің танысына интимдік фото және видеоматериалдарды жариялаймын деп қорқытып, одан 600 мың теңге бопсалағаны анықталды", - делінген хабарламада.

Қылмыстың мән-жайы тергеу әрекеттері барысында анықталып жатыр. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тінту кезінде күдіктіден қылмыс жасалғанын растайтын айғақ заттар, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған 300 мың теңге тәркіленді. Полиция қызметкерлері күдіктінің кінәсін толық анықтау үшін қажетті тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети